Аймақтар • 27 Қаңтар, 2025

Алматыда көппәтерлі үйлердің жеделсатысы жаңартылды

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы 2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының арқасында 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) жөнделіп, оның ішінде 1188 үйдің шатыры, қасбеттері мен кіреберістері қоса қалпына келтіріліп, инженерлік желілері мен электр жабдықтары жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті, деп жазады Egemen.kz

Алматыда  көппәтерлі үйлердің жеделсатысы жаңартылды

Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 жеделсаты жаңасына ауыстырылып, бұл қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін едәуір жақсартып отыр.

Осылайша өткен жылы жоғарыдағы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы жаңартылды.

Бағдарлама ескі тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға, коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Осы орайда ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қала тұрғындары жөндеу жұмыстарының барлық түрлері қарастырылған өтінім бере алады. Ол үшін сайлаушылардың 51% дауысын жинап, өтініш беруі тиіс. Жөндеу құны коммуналдық төлемдерге кіреді және қайтарымды негізде мемлекет өтейді.

Мәселен, қаладағы Райымбек, 245 мекенжайында жаңарту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілсе, бұл нысанда сылақты сұйық мәрмәрмен алмастыру, қабырғаларды бояу, едендерді жаңарту және ескі плиткаларды ауыстыру қарастырылған.