Әлем • 28 Қаңтар, 2025

Грекияда шаруалар шеруге шықты

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның Кардица қаласында шаруалар бас көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекияда шаруалар шеруге шықты

Фото: Thanassis Stavrakis

Олар жүздеген трактормен елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын күрежолды жауып тастаған. Парламент ғимаратының алдына 200-ге жуық тракторды тізіп қойған.

Кейінгі жылдары грек шаруалары аптап ыстық, су тасқыны және өрт сияқты табиғи апаттардан қатты зардап шегіп, үлкен шығынға батты. Үкімет төтенше жағдайға тап болған кәсіпкерлерге тиісті көлемде көмек көрсете алмай отыр. Өнімге баға төмендеген, өндіріс шығыны ұлғайған және импорттық тауарлармен бәсекелестік күшейген. Шаруалар осы қиындықтармен күресте үкімет көмектеспей отыр дейді.

Айта кетейік, былтыр ақпанда грек белсенділері тракторларын ел астанасы Афинаға дейін апарып, парламент алдында шеру өткізген болатын. Бірақ мәселе әлі шешімін таппай келеді.