Оқиға • 28 Қаңтар, 2025

АЭС құрылысы бойынша келісімдер жақын арада жасалады

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша келісімдер жақын арада жасалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АЭС құрылысы бойынша келісімдер жақын арада жасалады

Фото: Ашық дереккөз

«Жақын арада біз Алматы облысында бірінші атом электр стансасын (АЭС) салу бойынша қажетті келісімдерді жасаймыз. Сондай-ақ екінші және үшінші АЭС құрылыс алаңдарын анықтау бойынша өңірлерде талдау жұмыстары аяқталып жатыр», деді Премьер-Министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Энергетика министрлігі атом электр станциясын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер басталғанын хабарлаған еді.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, болашақтағы негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері баяндама жасайды.