
Фото: : Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Қала әкімінің айтуынша, LRT құрылысы толығымен 2025 жылдың жазында аяқталады.
«Күн сайын қалалық маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде елорданың қоғамдық көлік паркі 45 пайызға жаңартылды. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жетті. Жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Алғашқы пойыздар қыркүйекте келеді, содан кейін белсенді тестілеу басталады. Қалада заманауи жайлы экологиялық келбетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр», деді қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек бүгінде елорданың барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Автокөлік ағынының артуы аясында қоғамдық көлікті дамытуға, жол өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, автотұрақтардың жұмысын жақсартуға баса назар аударылған.