Әлем • 29 Қаңтар, 2025

200 компания төрт күндік жұмыс аптасына көшті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияда жаңа жұмыс кестесіне маркетинг, технология және қайырымдылық секторларындағы ұйымдар көшті, деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

200 компания төрт күндік жұмыс аптасына көшті

Фото:ares.by

«4 Day Week Foundation» қорының директоры Джо Райлдың айтуынша, жаңа жұмыс кестесі компаниялар мен қызметкерлер үшін өте тиімді. Төрт күндік апта адамдарға «бақытты және қанағаттанарлық» өмір сүруге мүмкіндік береді. 

Алайда, мұндай шешіммен штаб-пәтерлері АҚШ-та орналасқан компаниялар келіспеген. Мәселен, Amazon компаниясының қызметкерлері  аптасына бес күн кеңсеге келуді талап еткен.

Spark Market Research Ұлыбританияда зерттеу жүргізіп, жас қызметкерлердің дәстүрлі жұмыс үлгілеріне қарсы тұруы ықтимал екенін анықтаған. Нәтижесінде 18-34 жас аралығындағы респонденттердің көпшілігі 2030 жылға қарай қысқартылған жұмыс аптасы барлығы үшін тиімді болады деп тұжырымдаған.

Айта кетейік, жаңа кестеге ауысқан қызметкерлердің жалақысы өзгермейді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10