
Фото: astanatv.kz
Өзгеріске сай енді Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет қаражатынан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынды. Бұл норма Президенттің мемлекет қаражатын тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау негізінде әзірленіп отыр.
Ал дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ақылы қызмет көрсетуге және олардан түсетін кірісті бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл процестің жүзеге асу жолын Мәжіліс былай түсіндірген:
«Спорт мекемелері іс-шараларды (спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер мен конференциялар) ұйымдастыру және өткізу мақсатымен халықты арнайы спорттық жабдықтармен, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтер, спорттық медицина саласындағы қызметтер арқылы табыс таба алады», делінген хабарламада.