Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Дәулет Мұқаев балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада 4 мыңға жуық азамат мемлекеттік қызметкер, ал 100 мыңдаған тұрғын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Дәулет Мұқаев балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды

Фото: parlam.kz

Олардың басым бөлігінің балалары мемлекеттік балабақшаның тәрбиеленушілері. Балабақша мен жалпы  жұмыс уақыты бірдей. Сондықтан ата-аналар жұмыстан ертерек сұранып, балабақшаға асығады. Депутат Дәулет Мұқаев бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселеге жауапты министрлік назарын аударуды сұрады.  

«Қазір көп отбасылардағы ата-аналар, яғни ері де, әйелі де жұмыс істейді. Онсыз Астанада өмір сүру оңай емес. Жұмыс уақыты – таңғы сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін. Бұл – барлық мекемелерге қойылатын ортақ талап. Содан кейін баласын балабақшадан алу үшін қызметкерлер күнделікті жұмыстан ерте кетуге сұранады. Ондай адамдардан жұмыс өнімділігін қалай талап етуге болады. Ең қиыны, дәл осы уақытта елордада жол кептелісі күшейіп, көлікті тізгіндегендер балабақшадағы баласына ертерек жету үшін асығыс қозғалады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып жататыны тағы анық», деді Дәулет Мұқаев.

Мәжілісмен ата-аналар кешкі сағат 18.00-де жұмыстан шықса, балабақшалар 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болса, онда балалардың қараусыз қалып, көп жағдайда қарауылдың қасында қалатынын да жасырмады. Халық қалаулысы астаналық ата-аналар үшін күрмеулі болып отырған осы мәселені шешу үшін арнайы ұсынысын ортаға салды. 

«Дұрысы, ата-анасы жұмыс істейтін балаларды кезекші топтарға біріктіріп, кешкі сағат 19.00-ге дейін қарайтын болса, дұрыс болмай ма? Мұндай тәжірибе Астана қаласындағы кейбір балабақшаларда бар. Кешкі уақыттағы кезекші топтарды елордадағы барлық балабақшада ұйымдастыру керек деп санаймыз. Мұндай қадам баласына алаңдаған ата-аналардың жұмысын жеңілдететін еді», деді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25