Алматы • 29 Қаңтар, 2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған «Отан дауысы» байқауы өтті

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оған әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, оқушылар, студенттер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңістің 80 жылдығына арналған «Отан дауысы» байқауы өтті

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда өткен аталған әскери-патриоттық ән байқауында қазылар алқасын аты аңызға айналған генерал-майор Иван Панфиловтың немересі, Ұлттық әскери-патриоттық орталық бастығының орынбасары – Алматы қаласы Жауынгерлік даңқ мұражайының әскери-тарихи құндылықтар бөлімінің бастығы Алуа Байқадамова басқарды.

Бас жүлдені жеңіп алған №27 гимназияның оқушысы Юлия Максқа X-Factor шоуының жаттықтырушылары Бек Оралбеков пен Гүлжиан Оспанованың вокал бойынша 10 сабаққа сыйлық сертификаты, ақшалай сыйақы, кубок табысталды.

Бірінші орын сол гимназияның өнерпазы Алуанай Сапи, екінші орынды №118 мектеп-гимназияның оқушысы Тимур Кирилов, үшінші орын №78 гимназияның оқушысы Алсу Алухановаға бұйырды. Байқау жүлдегерлері «Отан дауысы» мүсіншелері мен вокалды оқытуға сертификаттар алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35