Медицина • 29 Қаңтар, 2025

Елімізде соңғы жеті жылда алапес ауруы мүлде анықталмаған

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде алапес кеселі (Хансен ауруы) мүлде айылын жия бастағаны аңғарылады. Мұның айқын мысалы – соңғы жылдары науқастар арасында аталмыш дертке душар болған адам тіркелмеген. Алапеске тек егде жастағылар душар болатындықтан, бұл инфекция жер бетінен жойылып бара жатыр деуге болады.

Елімізде соңғы жеті жылда алапес ауруы мүлде анықталмаған

Өз елімізде де алапес ауруы тұрақты түрде жоғалып бара жатыр деп айтуға негіз бар. Қазақстан бұл мәселеде ауыртпалығы төмен елдерге жатады. Біздің елде алапес кеселі іс жүзінде жойылып келеді. Соңғы уақытта, тек жекелеген жағдайларда да ғана осындай оқыс оқиғалар табылуы мүмкін. Кейінгі 10 жылда тек 2 адамнан ғана алапес кеселі анықталса, соңғысы – 2017 жылы мәлім болған. Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылдың басында елімізде 224 адамның алапестен емделіп жүргенін, 222 адам олармен байланыста өмір сүріп жатқанын білуге болады.

Халқымыз осыдан жүз жылдай бұрын, 1929 жылдан бастап, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР-де лепрозорийді ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезден бастап алапестен емделе бастаған. Бүгінде Қазақ республикалық лепрозорийі-ерекше емделуді ғана емес, өз пациенттерін оңалтуды да жүзеге асыратын ерекше үлгідегі мамандандырылған емдеу мекемесі. Лепрозорий Қызылорда облысында орналасқан және екі диспансері бар. Арнайы емдеуден басқа, науқастар барлық қажетті медициналық көмекті алады: хирургиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, терапиялық, сондай-ақ оңалту.

«Лепрозорий науқастарды оқшаулайтын орын емес. Есепте тұрған пациенттердің еліміздің басқа медициналық ұйымдарында емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін алу мүмкіндігі бар. Пациенттер арасында тұрақты медициналық көмекке мұқтаж мүгедектер, үйсіз, бас тартылғандар, туыстары жоқ және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, әлеуметтік баспанаға мұқтаж науқастар бар. Алапеспен ауыратын науқастарды диспансерлеу рецидив қаупіне байланысты өмір бойы жүзеге асырылады», дейді Қазақ республикалық лепрозорийінің бас дәрігері Молдағали Сейталиев.

Алапесті емдеудің бүкіл тарихында ел дәрігерлері әртүрлі әдістерді қолданып келсе, бастапқыда ем-дом негізінен пациенттерді анықтау мен оқшаулауға бағытталған. Содан кейін химиотерапияны жүргізу міндеті бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта дәрігерлердің күш-жігері алапесті ауыздықтауға, мүгедектік пен қайталанудың алдын алу үшін науқастарды оңалтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Жарқын достықтың жемісі

Көрме • 15 Ақпан, 2025

Қаламгердің Қарқара сапары

Руханият • 15 Ақпан, 2025

Ерекше саланың генералы

Тұлға • 15 Ақпан, 2025

Картоп неге қымбат?

Баға • 15 Ақпан, 2025

Әуе кемесіндегі ерлік

Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025

Заманауи технология және жастар

Технология • 15 Ақпан, 2025

Адасқанның айыбы жоқ...

Мәселе • 15 Ақпан, 2025

Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады

Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025

Өңірдің дайындығы қандай?

Аймақтар • 15 Ақпан, 2025

Еңбек – табыс кепілі

Форум • 15 Ақпан, 2025

Сүйек обыры да емделеді

Медицина • 15 Ақпан, 2025