
Фото: polisia.kz
Шетелдікті тексеру барысында 3 sim-box құрылғысы табылған, олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ одан 2 мыңға жуық sim-карта тәркіленген. Құрылғылар арқылы Қазақстан азаматтарына алаяқтық қоңыраулар жасалған.
Polisia.kz-тің ақпаратынша күдікті таяу шет елдердің бірінің азаматы. Оны Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде ұстаған. Оған қылмыстық іс қозғалды.