
Фото: polisia.kz
Өткен түні сағат 03:10 шамасында сағат «102» пультіне ер адамның 60 метрлік краннан секірмек болғаны хабарланған.
Оқиға орнына жеткен полицей Руслан Бөрібаев баспалдақпен жоғары көтеріліп, суицид жасамақ болған жігітпен сөйлескен.
«Мұндай жағдайда сақтық шараларын білу өте маңызды. Мен онымен тілдесіп, сабырға шақыруға тырыстым, оның ойын басқаға бұрып, өзін жалғыз сезінбеуіне көмектестім. Ол мені тыңдай бастаған сәтте қолынан ұстап, құшақтап, қауіпсіз жерге түсірдім», дейді Руслан Байбөриев.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің тексеруінен кейін 35 жастағы ер адам үйіне жеткізілген.