Қысқы спорт • 31 Қаңтар, 2025

Қазақстан шаңғышылары әлем кубогінің кезеңінде бақ сынайды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Конье қаласында шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңі жалауын желбіретті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан шаңғышылары әлем кубогінің кезеңінде бақ сынайды

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша,  бапкерлік штаб бұл жарысқа екінші және үшінші құрамдағы спортшыларды қосқан.

Себебі қазір құрама көшбасшылары 2025 жылғы Азия ойындарына дайындығын пысықтап жатыр. 

Италиядағы Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Елизавета Толмачева, Лаура Кинебаева, Ернұр Бексұлтанов, Дидар Қасенов және Сұлтан Базарбеков қорғайды.

Шаңғы жарысы 2 ақпанға дейін жалғасады.