Спорт • 02 Ақпан, 2025

Құны 120 млн теңге тұрады: «Ордабасының» шабуылшысы Еуропада ойнайды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы үш маусым Шымкенттің «Ордабасы» клубында ойнаған 28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский карьерасын Польшада жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құны 120 млн теңге тұрады: «Ордабасының» шабуылшысы Еуропада ойнайды

Беларусь 5

1bol.kz жазғандай, ол Польшаның «Котвица» клубымен келісімшартқа отырған. «Ухо» телеграм арнасының жазуынша, футболшы командамен бірге жаттығуды бастап кеткен. Жолдастық кездесулерге де қатысып үлгерген.

- Садовский «Ордабасы» сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соққан. Шымкент клубы онымен бірге 2022 жылы – ел кубогына, 2023 жылы Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді, - делінген хабарламада.

Футболшының трансферлік құны 225 мың еуро еуро (120,9 миллион теңге).