02 Мамыр, 2015

КҮЛКІ КЕРУЕНІ №15

546 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

satira-15

Әзіл-оспақ, сын-сықақ бұрышы    Бөлімді  жазушы-сатирик Берік Садыр жүргізеді   БІРДЕ... Бір әйел та­ныс жазу­шыдан Фран­суаза Са­ган­ның кітабын оқыған-оқы­ма­ғанын сұрапты. – Асы­ғы­ңыз, оқ­ып шық­қа­ныңыз жөн, – депті әйел оны әлі оқы­ма­ға­нын естіп.  – Ро­ман­ның шыққанына аттай үш ай болды! – Ал сіз Дантенің «Құдіретті комедиясын» оқыдыңыз ба? – деп қарсы сұрақ қойыпты жазушы. – «Жоқ» дейсіз бе? Асық­қаныңыз жөн. Ол кітаптың шық­қанына 600 жылдан асып кетті… *** Бір ортаңқол актер Бернард Шоуға келіп, театр директорына өзі туралы мінездеме жазып беруді сұрапты. Шоу ілтипатпен, асықпай отырып былай деп жазыпты: «Актерді жұмысқа алуға кеңес беремін. Ол Гамлетті, Ромеоны, Шейлокты сомдады. Күйсандықта, флейтада, сосын бильярд ойнай алады. Әсіресе, ең соңғысын өте жақсы ойнайды». *** Атақты әнші Шаляпиннің Петр есімді қызметшісі — өзін-өзі мәртебелі санайтын тәкаппар кісі болса керек. Бірде Шаляпин Берлинде сапарда болғанда бір журналист әншіден интервью алуға көмектесуін өтінгенде Петр: — Қожайыным киініп жатыр, сізді қабылдай қоюға мүмкіндігі жоқ. Ол кісінің бар ісінен хабарым болғандықтан, қажет болса мен-ақ интервью беруге бармын, — дейді. — Онда, Шаляпин мырзаның жақын күндердегі жоспарынан хабардар етпес пе екенсіз? — Миланға жиналып жатырмыз, онда Мефистофельді шырқаймыз. Одан әрі Лондонда болып, король сарайында үлкен концерт қоямыз. ...Осы түста екінші кабаттың балконына шыға қалған атақты әнші қызметкеріне: — Бәрі дұрыс-ақ. Петр айналайын, тек Милан мен Лондонға кетерде мені де ала кетуді ұмытпа, — деген екен. *** Сахнаға жаңадан шығып жүрген, бірақ өзін өте қабілеттімін деп ойлайтын бір актер спектакль аяқталғаннан кейін орыстың ұлы трагигі Н.Рыбаковқа: — Қалай, соңғы көріністе Дездемонаны жақсы өлтірдім бе? — дегенде: — Сөз бар ма, бірақ маған Шекспирді өлтіргенің көбірек ұнайды, — депті.   *Шетел әзілі КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ Жұмысқа   кірісе   бергенімде күрегімнің сабы сынды да қалды. Сынықтарын жинап алып, қоймашыға келдім. — Көрдің бе, Феро, не болғанын? Маған басқа күрек керек. — Қане-е! Шынында да сынған екен. Басқа дейсің бе? Тапсырысың бар ма? — Қайдағы заявка?!
  • Шеберден.
Шеберге келдім. Ол: — Әрине, саған күрек берілуі керек. Тек құрылыс бастығынан ұлықсат алып келсең болды, — деді. — Ұлықсат?! — Ие, жоғарыдан осындай нұсқау түскен. Құрал-сайманды үнемдеу керек. Жаңасы тек құрылыс бастығының келісімімен беріледі. Онсыз ештеңе шықпайды... Құрылыс бастығы қолын сілтелеп : — Не қылған ұлықсат? — деді. — Тоқсандық сыйлықты бөлісер алдында бұндай жауапкершілікті мойныма ала алмаймын. Бас инженер бұйрық шығарса ғана... Бас инженер ойланып қалды. — Білесіз бе, бұл өте күрделі нәрсе... Күректің сынған сабын қолыма ұстап кіріп барғанымда, кабинетінде отырған трест бастығы әуелі шошып кетті, бірақ соңынан істің мән-жайын түсінгеннен кейін қол астындағы бағынышты бастықтардың бәрін өзіне шақыртып алды. Күрек мәселесі жөнінде техника қауіпсіздігі референті, өрт сөндірушілер бастығы, қамсыздандыру бөлімінің бастығы, әлеуметтік мәселелер жөніндегі референт және де басқа жауапты жолдастар шығып сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Ұзақ айтыс-тартыстан кейін проблема шешімін тапты. Директор бас инженерге телефон соқты, ол құрылыс бастығына нұсқау берді, құрылыс бастығы мастерге бұйырды, мастер заявкіге қол қойды, ал қоймашы жаңа күректі қолыма ұстатты. Сөйтіп, қолым жеткен жеңіске масаттанып, күректі жерге қадай шаныштым... Сол кезде жұмыс күнінің аяқталғанын білдірген қоңырау да соғылды. Людомир кЛИМАК.        «Қызыл кітапқа» кірген қызыл сөз
  • Күйеуінің айлығын санамай-ақ әмиянына сала салған әйел азамат.
  • Қала ішіндегі құйрық басар бос орны бар көпшілік мінетін көлік.
  • Тиыныңды қайтарып беретін таксист.
  • Кемшілігін көріп те, теріп те көрсеткен қызметкеріне шын көңілден риза болатын бастық.
  • Шығармаларымның нашарлығынан газет-журналға шыға алмай жүрмін деп ойлайтын жазушы.
  • Енесін шешесінен де артық сыйлайтын келін.
  • Арақсыз өткен құда-жекжаттың арнайы бас қосуы.
  • Бірде-бір ажырасусыз, тату-тәтті тұрып жатқан отбасы бар аудан.
  • Еш нәрсе  алмай, бергеннен безгек тигендей безіп, тек құдай құлы ретінде тегін қызмет қылатын молда.
  • Үштік баға қоймайтын мұғалім.
  • Шешесіне әйелін мақтап әңгіме айтатын еркек.
  • Лотореядан кездейсоқ ұтып алған «Волга» машинасын – бұл әділетсіздік деп өкіметке қайтарып берген азамат.
КІРЕБ.