Оқиға • 03 Ақпан, 2025

Ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Бішкекте ұсталды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдікті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Бішкекте ұсталды

Фото: polisia.kz

26 жастағы азаматша Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Бішкек халықаралық әуежайында ұсталған.

Анықталғандай, күдікті 2023 жылдың жазында өзге адамдармен бірге банктердің бірінің клиенттерін алдау арқылы банк қосымшасының көмегімен ақша ұрлаған. Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады.