
Фото: instagram.com/safronovamilana1
Былғары қолғап шебері бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Әлемдік ареналарда Отанымның туын жоғары көтеруді әрқашан армандадым. Бұл межеге кәсіпқой бокста да ұмтыламын. Қазақстаннан шыққан алғашқы абсолютті әлем чемпионы атану – басты мақсатым. Алғашқы жаттығу жиыным үздік бапкерлермен бірге Таиландта өтті. Қазіргі кезде Мәскеуге, мені әуесқой бокста чемпиондыққа жеткізген алғашқы жаттықтырушым Захар Семенович Рутенбергке оралдым. Ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысамын. Жуырда бірінші жекпе-жегімнің мерзімін жариялаймын. Мықты командаммен бірге чемпион атанып, еліме барлық титулды әкелуге дайынмын», деп жазды ол.
Айта кетейік, Милана Сафронова Қазақстан әйелдер құрамасының сапында 66 келіде ел намысын қорғады.