Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Маңғыстауда балабақша бүлдіршіндері тамақтан уланған

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласының тұрғындары жергілікті басылымдардың біріне хабарласып, мектеп жасына дейінгі 100 бала тамақтан уланып қалғанын мәлімдеген. Оқиға осы қалаға қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшада болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда балабақша бүлдіршіндері тамақтан уланған

Фото: Ашық дереккөз

Жаңаөзен қаласының тұрғындары жергілікті басылымдардың біріне хабарласып, мектеп жасына дейінгі 100 бала тамақтан уланып қалғанын мәлімдеген.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты ішінара растап, медициналық мекемеге небәрі 37 өтініш түскенін атап өтті.

«2025 жылдың 31 қаңтар күні сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне іш ауыруына шағымданған тұрғындардан шақырту келіп түсті. Барлығын жедел жәрдем бригадасы қарап, тексерді. Тексерілген 37 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабылып, уәкілетті органдар тексеріс жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы Бесшоқы ауылындағы асханада мектеп оқушылары жаппай тамақтан уланды. Барлығы 466 оқушы зардап шегіп, оның 98-і ауруханаға жатқызылған еді.