Таным • 04 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Трансплантациядағы жетістік

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

53 жастағы Тована Луни – генетикасы өзгертілген шошқаның бүйрегімен екі айдан астам өмір сүрген алғашқы пациент. 2024 жылдың қарашасында «NYU Langone Health» ауруханасында оған шошқа бүйрегі трансплантацияланды.

Ғалам ғажаптары: Трансплантациядағы жетістік

Бұған дейін осындай ота жасалған пациенттердің өмір сүру ұзақтығы екі айдан аспаған. Бас хирург Роберт Монтгомери жаңа бүйректің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, ал Лунидің өзін жақсы сезінетінін айтқан. Луни өз анасына бір бүйрегін берген. Алайда, жүктілік кезіндегі асқынулар оның қалған жалғыз бүйрегін зақымдап, сегіз жыл бойы диализге тәуелді еткен. Жоғары антиденелер деңгейіне байланысты оған адам донорынан бүйрек табылмаған. Отадан үш апта өткенде дәрігерлер ағзаның жаңа бүйректі қабылдамай жатқанын байқайды. Алайда бұл мәселе сәтті шешіліп, Лунидің жағдайы жақсара түсті. Сарапшылардың пікірінше, биыл АҚШ адамға шошқа органдарын трансплантациялау бойынша алғашқы клиникалық зерттеулерді бастау­ы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше