Заң • 04 Ақпан, 2025

95 көліктің соқтығысуы: 6 қылмыстық іс қозғалды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қаңтар күні Астана - Щучинск тас жолында 95 көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен еді. Ішкі істер министрлігі осы оқиғаға байланысты 6 қылмыстық және 37 әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz - ке  сілтеме жасап.

95 көліктің соқтығысуы: 6 қылмыстық іс қозғалды

Фото: ТЖМ

Ірі жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабының 1-бөлігі «Қолданыстағы көлік қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Құзырлы орган тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілер заң шеңберінде жауапқа тартылатынын атап өтті. 

Министрлік жол апатына себепкер болған негізгі күдіктілердің ұсталған не ұсталмағанын Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201- бабы аясында ақпаратты құпия ұстауды жөн көріп отыр. 

Бұған дейін Төтенше жағдайларды жою департаменті апаттың нақты себебін анықтағанын хабарлағанбыз.