
Үкімет басшысы бірқатар облыста жолдардың сапасын жақсартудың орнына керісінше үрдіс байқалып отырғанын атап өтті.
«Жергілікті жолдарға да баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы», деді О.Бектенов.
«Өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет», деп атап өтті Олжас Бектенов.