Қоғам • 04 Ақпан, 2025

Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін табыс көлемі айтарлықтай өсті

37 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Өткен жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін табыс көлемі айтарлықтай өсті

Фото: ulysmedia.kz

Марат Қарабаевтың мәліметінше, биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланған, бұл кірісті 60 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, келесі жылы бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

«Бұл ретте, осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылып жатыр. Бюджетке түсетін жүктемені азайту әрі өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы жол» мәртебесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бүкіл еліміз бойынша ұзындығы 3,2 мың шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді», деді Марат Қарабаев.
Сонымен қатар министр жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының дамуына тоқталды. Қазіргі таңда елімізде 1 446 жол бойы сервистік нысандары жұмыс істейді, оның 90%-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Биыл бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ 400-ден астам заманауи қызмет көрсету нысандарын салу үшін ірі инвесторларды тарту жоспарланған.
«2029 жылға дейін 60 бірлік кешенді нысандар құрылысы жоспарланған, оның ішінде 10 бірлігі осы жылы жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі 120 млрд теңге. Оларда жатын орын, TIR тұрағы және жанармай бекеттері қарастырылған. Жол бойы сервистік объектілерін дамытудың негізінде елімізде бірінші рет отандық қонақүйлер жүйесі және олардың франшизасы қалыптасатын болады. Бұл жол бойы объектілерінің тасымал процесімен қатар, автотуризмнің де дамуына септігін тигізеді», деді Марат Қарабаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше