
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер фирма мен жергілікті Ішкі мемлекеттік аудит департаменті арасында «делдалдық» жасаған. Фирма мемлекеттік сатып алу шарттарына жасаған аудит кезінде анықталған талаптарды орындамай, істі пара беру арқылы шешпек болған.
Осылайша, фирма мәслихат қызметкерлері арқылы департаментке 2 млн теңге сомасында пара ұсынған.
Антикор айыпталушылардың ісі сотқа жолданып, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын ескертті.