
Фото: 6abc.com
Жергілікті билік ұшақты өзеннен шығару операциясы бірнеше күнге созылатынын, одан кейін әскери тікұшақ қалдықтарын көтеру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, «American Airlines» ұшағында 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі, оның ішінде 2025 жылы Вичитадағы мәнерлеп сырғанау бойынша АҚШ чемпионатынан оралған конькишілер мен бір топ аңшылар болған. Ал «Army Black Hawk» тікұшағында үш әскери қызметкер отырған.