Әлем • 05 Ақпан, 2025

Анасы 14 жасар ұлын үй шаруасына көмектеспегені үшін өлтірген

2495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та 29 жастағы әйел 14 жастағы жасөспірім ұлын үй шаруасына көмектеспегені үшін сабап өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz  New York Post басылымына сілтеме жасап.

Анасы 14 жасар ұлын үй шаруасына көмектеспегені үшін өлтірген

Фото: Ашық дереккөз

Сиэтл тұрғыны жасөспірім ұлын ұзартқыш сыммен сабап тастаған. Тек баласы жауап қатпағаннан кейін ғана анасы ұруын тоқтатқан. Әйел баласын тәртіпке салу кезінде өзінің «тым шектен шыққанын» жасырмаған. Сондай-ақ айыпталушы баласын қабырғаға итеріп жіберген кезде ол басын соғып, есінен танып, еденге құлағанын мәлімдеген.

Сонымен қатар айыпталушы сот тыңдалымына келмеген. Оның қорғаушысы баласынан айырылғанына байланысты әйелді босатуды талап еткен. Алайда судья 3 миллион доллар кепіл сұраған прокурорларды жақтапты.

Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.