
Фото: gov.kz
Министрліктің мәліметінше былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келген. Бұл көрсеткіш - 2023 жылмен салыстырғанда 78 пайызға көп.
Туризм жылы аясында екі елдің туркомпаниялары, агенттіктері мен медиа платформалары 200-ден астам келісімге қол қойған.
«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Ал 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.