Қоғам • 06 Ақпан, 2025

ҚҚС-ның өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейді - Серік Жұманғарин

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС-ның өсуі кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚҚС-ның өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейді - Серік Жұманғарин

Фото: Ашық дереккөз

«Осы бастамалар (салық реформасы — ред.) аясында көптеген сарапшылар пайда болды, әртүрлі мәлімдемелер жасалды. Мысалы, кеше, қателеспесем, Қостанай немесе ШҚО-дағы үй жанындағы дүкен иелері өз пікірлерін білдірді. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен кездесіп, ҚҚС (Қосылған құн салығы) олардың соңғы нанын тартып алады деп алаңдаушылық білдірді», деді Серік Жұманғарин.

Министр қосылған құн салығының өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейтіндігін атап өтті.

«Біз әрдайым халықпен жұмыс істейтіндердің — бөлшек сауда өкілдерінің, яғни үй жанындағы дүкендердің, дүңгіршектердің, шағын дүкендердің, мейрамханалар мен шаштараздардың бұл реформадан ешқандай зардап шекпейтінін мәлімдеп келеміз. Олар бұрын қалай бөлшек режимде жұмыс істеп, жылдық жиынтық табысы 2,4 млрд теңге шегінде 4% салық төлеп келсе, солай төлей береді. Олар үшін ештеңе өзгермейді. Бұл реформа бизнестің кей саласына ғана қатысты. Халықпен жұмыс істеп, базарда сауда жасайтындар, отбасын асырап отырғандар үшін ешқандай өзгеріс болмайды», деді Серік Жұманғарин.

 

Соңғы жаңалықтар

Мейіргер қызметінің маңызы зор

Медицина • Бүгін, 10:00

Компания көлік сыйлады

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Жәнібектің жетістігі

Білім • Бүгін, 09:35