26 Маусым, 2010

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҮЙРЕТТІ

532 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елордада Қазақстан Республикасының “Қызыл Ай” қоғамының астаналық қалалық бөлімшесі “ЭксонМобил” компаниясының қолдауымен және Астана қаласының білім басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының көмегімен қала оқушыларын алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретуге арналған “Мектептерге бірінші көмек!”  жобасының бастапқы кезеңінің нәтижелерін қорытындалады. Баспасөз мәлімдемесі бойынша, жобаға 67 астаналық мектеп қатысып, жоба аясында алғашқы көмек көрсету дағдыларына 250-ден астам мұғалімдер мен 6 700- ге жуық жоғарғы сынып оқушылары практикалық тренингтер түрінде оқытылып, шағын анықтама кітапшаларына ие болса, 250 мұғалімге сертификат берілген. Жобаны жүзеге асыру барысында оқыту бағдарламасының тиімділігі жөнінде мониторинг жүргізілді. Ол жоғарғы сынып оқушылары арасында көмек көрсету дағдылары 40%-ға өскенін және ұстаздар мен оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетті. Келешекте ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен колледждерді қамту, сонымен бірге қосымша жаңа мұғалімдер шоғырын дайындай отырып, алғашқы көмек көрсетуді оқу орындарына енгізу процесін кеңейту жоспарлануда. Бұған қоса, “Қызыл Ай” мен “ЭксонМобил” жаңа оқу жылында осы жобаны Атырауда бастауды ұйғарып отыр. Балаларды қауыпсіздік негіздеріне оқытуды қолдай отырып, біз қоғамымыздың ұзақ мерзімді және тұрақты дамуына өз үлесімізді қосудамыз, – деді “ЭксонМобил” компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Нұғман. Әсия ОРЫНБАЙҚЫЗЫ, Қызғалдақ ЗҰЛПЫХАРҚЫЗЫ.