Спорт • 07 Ақпан, 2025

Отандасымыз фристайл-могулдан күміс жүлдегер атанды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фристайл-могул спортынан Дир-Вэллиде (АҚШ) әлем кубогі кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандасымыз фристайл-могулдан  күміс жүлдегер атанды

Фото: Olympic.kz.

Аталған жаһандық додада фристайл-могулдан Қазақстан ерлер командасының көшбасшысы Павел Калмаков жеке могулда 84,95 ұпаймен екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды. 

Алтын медальді жапондық Икума Хоришима (86,24) иеленді. Ал үздік үштікті француз Бенджамин Каве (83,82) түйіндеді.