Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

Жамбыл облысындағы мектепте жұмысшы мерт болды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қаңтар күні Байзақ ауданы Дихан ауылындағы мектепте техникалық қызметкер ағаштарды кесу кезінде қаза болды, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы мектепте жұмысшы мерт болды

Фото: mkset.ru

51 жастағы жұмысшының өліміне қатысты оқиғаның болғанын облыстық Білім басқармасы растап отыр. 

Аймақ полициясы бұл іске қатысты Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір «жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін ұйымдастырып, қамтамасыз етті ме?», деген сауал зерделеніп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. 

Егер жұмыс берушінің кінәсі дәлелденсе белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейін айыру немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.