Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент таныстырылды

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

7 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада еліміздегі алғашқы кітапханалық нейро-ассистент – DosAI таныстырылды. Инновациялық жобаның тұсаукесеріне аудан және қала кітапханашылары, IT мамандары, студенттер мен жаңашылдыққа жаны құмар оқырмандар қатысты.

Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент таныстырылды

DosAI – пайдаланушыларға кітапханалық қызметті жаңа деңгейде ұсынатын цифрлық көмекші. Ол кітапхана оқырмандарына ақпараттық қолдау көрсетіп, қажетті әдебиеттерді таңдауға көмектеседі, кітапхана ресурстары туралы жылдам әрі нақты мәлімет береді.

Іс-шарада жоба әзірлеушісі кітапхананың белсенді волонтері әрі тәжірибеден өтуші, Өскемен экономика және техника колледжінің студенті Денис Кушнарев жиналған қауымды нейро-ассистенттің жұмысымен толық таныстырды.

Қатысушылар DosAI-дың мүмкіндіктерін өздері байқап көріп, кітапхана кеңесшілерінің көмегімен тестілеуден өткізді. Нейро-ассистенттің тиімділігі мен қолайлылығына көз жеткізген қонақтар жаңа технологияның кітапхана қызметін заманауи әрі қолжетімді етудегі маңызын ерекше атап өтті.

DosAI – кітапхана оқырмандарының сенімді көмекшісі7 Цифрлық ассистент А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың негізгі сайтына (www.pushkinlibrary.kz) біріктірілген. DosAI кітапханаға келушілерге:

  • Кітапхана жұмысының тәртібі жайлы ақпарат береді.
  • Оқырман билетін алу жолдарын түсіндіреді.
  • Өтетін іс-шаралар мен көрмелер туралы хабарлайды.
  • Үйірмелер мен клубтардың қызметі жайлы ақпарат береді.
  • Өлкетану бағытындағы материалдарды іздеуге көмектеседі.
  • Оқырман талғамын саралап, кітап таңдауға жәрдемдесу сияқты көптеген қызмет түрлерін ұсынады.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры Назым Ерназарқызы жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды.

«Кітапхананың нейро-ассистенті оқырмандарымыз үшін таптырмас көмекші болмақ. Бұл – пайдаланушылармен өзара байланысты барынша ыңғайлы әрі тиімді етіп, кітапхана ресурстарына қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық құрал. DosAI электрондық каталогтар мен ақпараттық ресурстарды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады»,  деді Назым Ерназарқызы.

DosAI – Қазақстандағы кітапханалық қызметті цифрландырудағы маңызды қадам. Бұл жүйе оқырмандардың іздеген ақпаратын оңай әрі жылдам табуына көмектесіп, кітапхананың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50