
Тыныштық бөлмесі Миннесотадағы «Orfield Laboratories» зертханасында орналасқан. Мұнда адам тіпті өз жүрек соғысын, қан айналымын, сүйектерінің сықырын ести алады. Бірақ бұл тыныштыққа ешкім ұзақ шыдай алмайды. 45 минуттан артық отырған адамның психикасы сыр беріп, галлюцинация көреді екен.