Аймақтар • 08 Ақпан, 2025

Жетісу облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Полицияның мәліметінше, оқиға 8 ақпан күні болған. Audi көлігінің жүргізушісі басқаруды жоғалтып, ағашқа соғылған. Соның салдарынан:

Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда жол апатының себептері анықталуда. Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.