Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына (қар, боран, көрінудің шектелуі) байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Кенен ауылынан Благовещенко ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.
Көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асуда.
- Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына (боран, көрінудің шектелуі) байланысты «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.