
Фото: ҰОК/ Сали Сабиров
Бұл бәсеке Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейшілеріміздің ширек финалға шығуына мүмкіндік берді. Тартысқа толы кездесуде Олег Болякин шәкірттері қарсыластарын 1 шайба айырмасымен жеңді.
Бірінші ұпай Оңтүстік Корея еншісіне жазылғанмен 44 минутта Артём Лихотников есепті теңестірді. Жеңіс шайбасын 58 минутта Роман Старченко соқты.
Осылайша, Қазақстан ерлер хоккей құрамасы жеңіліссіз топтан шығып, ширек финалда жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.