Оқиға • 10 Ақпан, 2025

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шығарылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қайтарылған активтерді басқаратын компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шығарылды

Фото: ҰҚК

Қараөткел шағын ауданының Ерейментау көшесінде орналасқан үйді сату 25 ақпанда сағат 10:00-де «E-Qazyna» платформасында жүргізіледі. Үйдің бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңге, аукцион жарнасы 117,9 млн.

2022 жылдың наурыз айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Мәсімовтің Премьер-министр қызметін атқарып жүрген кезінде бизнес құрылымдарының бірінен елордада құны шамамен 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық қонақ үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеген еді. Хабарландыруда Кәрім Мәсімовтің осы кезде тәркіленген элиталы үйінің суреті берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03