Қарағанды облысының Шет аудандық прокурорының наразылығы бойынша көлікті мас күйінде жүргізген полиция қызметкері 2 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Шет ауданының прокуроры Аманай Ысқақов хабарлады.Бұл іс өткен жылдың желтоқсан айынан бері созылып келеді, деп атап өтті аудан прокуроры. “2009 жылдың 5 желтоқсанында жол патрулі көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқан Қарағанды қалалық ІІБ Киров бөлімінің қызметкерін ұстаған еді. Аталмыш факт бойынша хаттама толтырылды. Құқық бұзушының ісі қарау үшін оның тұрғылықты жері бойынша Шет ауданының №2 аудандық сотына жіберіліп, ол жақтан іс аудандық соттың шешімімен облыстық ІІД толықтырылып толтырылуы үшін жіберілді”, – деді А.Ысқақов.
2010 жылдың наурызында іс сотқа қайтып келеді. Бірақ сот оқиға мерзімінің өтіп кетуіне сілтеме жасап, істі тоқтатып, құқық бұзушыны босатып жіберген. Шет ауданының прокуратурасы бұл қаулыны заңсыз деп танып, наразылық білдіреді.
“ҚР ӘҚБК 69-бабына сәйкес құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өткен жоқ, оның ісін тоқтату негізсіз. Сондай-ақ, аудандық сот жүргізуші куәлігі тіркеліп тұрғанына қарамастан, құқық бұзушының жеке тұлғасын растайтын жеке куәлігі жоқ деген сылтаумен әкімшілік істі полицияға қайтарып жібереді”, – деп түсіндірді аудан прокуроры.
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық тобы аудандық прокурордың наразылығын қанағаттандырып, жаңа өкім шығарды. Сөйтіп, полиция қызметкері құқық бұзғаны үшін айыпты деп танылып, екі жылға дейін жүргізуші куәлігінен айрылу жазасына кесіліп отыр.
Даниел ШАЙЫНҒАЗИН.