Футбол • 10 Ақпан, 2025

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челсимен» келісімшартқа отырды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 16 жастағы футболшысы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челсимен» келісімшартқа отырды

фото: instagram.com/kairat4

Жас футболшы кәмелеттік жасқа толған соң, 2026 жылдың жазында ресми түрде ағылшын клубына ауысады. Оған дейін Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапында өнер көрсете береді.

Дастан Алматы қаласында дүниеге келген, сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, оқудың барлық сатысынан өткен. Алғашқы күннен бастап еңбекқорлығымен, тәртібімен, кемелдікке ұмтылуымен көзге түскен.

«Қайрат» футбол клубының мәліметі бойынша, Дастан Сәтбаев QJ лигасында екі маусымда 28 матч өткізіп, 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Ол 2024 жылғы маусымдағы QJ лигасының ең үздік ойыншысы атанды.

«Дастанды мансабындағы ең маңызды қадамымен құттықтаймыз! Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оны алда жаңа биіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!», деді  «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі. 

у