Қоғам • 10 Ақпан, 2025

1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш – Алматы бағытындағы жаңа пойыз екі қала арасындағы тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайды

Фото: ҚТЖ

Бұған дейін жолаушылар Сарышаған стансасында ауысып мінуге мәжбүр болатын.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған маршрут Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол салынғаннан кейін іске қосылған, бұл желінің өткізу қабілетін арттырды.

Пойыздың қозғалыс кестесі:

Балқаш - Алматы – жұп күндері сағат 07:52-де жолға шығып, Алматы-2 стансасына 00:58-де келеді.

Алматы - Балқаш – тақ күндері сағат 00:10-да жолға шығып, Балқашқа 15:03-те келеді.

Сондай-ақ, жол жүру уақыты 17 сағат болатыны нақтыланған.