
Фото: Polisia.kz
Танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатуды жүзеге асырды деген күдікпен 20 жастағы жігіт полицияға жеткізілген.
«Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Polisia.kz мәліметінше тәркіленген 2500-ге жуық вейптің құны 18 млн теңгені құрайды.
Еске салайық, 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енді.