
Фото: ашық дереккөз
Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сұхбатында қазақ халқынан «Кенесары ханның өлімі үшін» кешірім сұраған әнші Қайрат Примбердиев жауапқа тартылып жатыр. Оның бұл сұхбаты желіде дау-дамай тудырған.
Әнші «Кенесары ханның басын еліне қайтарып, қазақ халқының алдындағы айыбымыздан арылу керекпіз», деп айтқан еді.
13 қаңтарда әнші кешірімді қырғыз халқының атынан емес, тек өзінің атынан сұрағанын айтып бейнеүндеу жазған болатын.