Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2025

Азиада - 2025: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Харбиндегі қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды, деп жазады Egemen.kz.

Азиада - 2025: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Команда сапында ел намысын қорғаған Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов  үздік екендерін дәлелдеді. Олар осы сында бақ сынаған Қытайдың Олимпиада чемпиондарын артта қалдырды. 

пп

Бұл Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлде. Бұған дейін шорт-трекшілер 5000 метр эстафетада чемпион атанған еді.