
Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы
Биатлоннан 10 шақырым спринтте бақ сынаған Владислав Киреев барлық қарсыласын басып озып, алтын медальға қол жеткізді.
Бұл Харбиндегі қысқы Азия ойындарында ел спортшылары еншілеген үшінші алтын жүлде болып отыр. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта еңсерді. Осы сында тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ал Әсет Дүйсенов 30:40.6 секундты тіркеп, 6-сатыға тұрақтады. Александр Мухин (31:03.8 секунд) нәтижесімен 7-орынға табан тіреді.