
Фото: Кристина Кормилицына
«Бұл тарап бізге әлі де қауіпті болып санала береді. Сол себепті қорғаныс мүмкіндіктерін арттыру, оның ішінде инженерлік бекіністер құру – біз үшін басым бағыттардың бірі. Қазір шекара маңындағы облыстарда бекініс желілері жабдықталып, кеңейтіліп жатыр», дейді А. Демченко.
Саясаткер әскерді жұмылдыру жұмыстары шекараның бүкіл көлемінде жүзеге асырылып жатырғанын атап өтті.
Ал 4 ақпанда Ресей Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің екінші департаментінің басшысы Алексей Полищук Украина билігі Беларуссияға қатысты қисынсыз әрекеттер жасауы мүмкін екендігін ескерткен болатын.
Сондай-ақ Кремльдің Украинаның бүкіл мәлімдемелерін және шекара аймағындағы белсенділігін мұқият қадағалап отырғанын, ел ішіндегі арандатушылықтар туралы білетінін атап өтті.