Қазақстан • 11 Ақпан, 2025

Қазақстан жемқорлықты қабылдау рейтингісінде 88-орында тұр

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған рейтинг тізімі бойынша Өзбекстан – 121, Қырғызстан – 146, Ресей – 154. Тәжікстан – 164 орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан жемқорлықты қабылдау рейтингісінде 88-орында тұр

Фото: Иллюстрация: © Depositphotos/JrCasas

Transparency International  жариялаған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан сарапшылар мен бизнесмендердің сауалнамасы негізінде тағайындалатын 100 балл өлшемнен 40 балл жинаған (88-орын). Ал 2023 жылы еліміз шамамен 92, 93-ші орындарда тұрған екен.

Индекс  - әртүрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін бағалайтын және салыстыратын  халықаралық құрал. Ол бойынша Transparency International тізіміне кіретін 180 елдің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бағаланады.