Білім • 11 Ақпан, 2025

Колледждерде дрон құрастыру мамандары даярланады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің ашылуында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колледждерде дрон құрастыру мамандары даярланады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Фестивальде Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті.

«Жұмысшы мамандықтар жылында іске асырылатын негізгі іс-шаралардың бірі еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру болмақ. Негізгі мақсат — олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Атом энергетикасы бойынша мамандарды даярлауда Венгрияның тәжірибесін енгізу, сондай-ақ Қытайдың IT, дрон құрастыру және машина жасау саласындағы тәжірибесін қолдану жоспарлануда», деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар, Астанада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау және дамыту мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады. Сондай-ақ осы күзде Ақтауда TurkicSkills — түркітілдес елдер арасында I-ші кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Бірнеше күн бойы қала аумағында түрлі семинарлар мен мастер-класстар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Бүгін, 11:17

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • Кеше