Оқиға • 11 Ақпан, 2025

Республикалық автожолдың учаскесі қайта жөндеуге жабылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы» тас жолының учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық автожолдың учаскесі қайта жөндеуге жабылды

Фото: Ашық дереккөз

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылғы 12 ақпаннан бастап аталған автожолдың 263-265 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік айрығының қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылады. 

«Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы» автожолының 0-36 шақырым аралығында қайта жаңарту жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл жол «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолымен жанасады. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «беде жапырағы» әдісімен көлік айрығын соғу және үйінді мен өтпежолды салу бойынша негізгі жұмыстарды бастайды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өтпежолдың тірек бөліктерін орнатуға байланысты «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автожолының 263-265 шақырым аралығындағы ұзындығы 1,5 шақырым учаскесі, сондай-ақ Атырау бағытындағы жол қиылысы уақытша жабылады.
 
Қозғалыс негізгі автожолдың сол жағындағы уақытша айналма жол (ұзындығы 2,2 шақырым) арқылы жүзеге асатын болады.