
Сурет: rudpol.kz
Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында: «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді», деп атап өтті.
Жастар арасында патриотизм құндылықтарын дәріптеп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау үшін «Таза Қазақстан» акциясын дәстүрге айналдыру қажет. Экологияны сақтау мәдениетін қалыптастыру – маңызды мәселе. Жиналғандар осы бағытта атқарылатын шараларға қатысты ойларын ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, нығайту, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау, айналадағы табиғатты қорғауды насихаттау мақсатында қоғамда жаңа идеяларға жол ашу.
Елордада Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылған. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік, аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.
«Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында экологиялық білім беру, экологиялық сауат ашу, оны ақпараттық тарату көзделген. Одан күтілетін мақсат, нәтиже туралы жастарымызды кең көлемде таныстырып, әрі қарай сол бағытта жұмыс істегіміз келеді», деді іс-шараның ұйымдастырушысы Жанна Шерзатқызы.