
Фото: Видеоскрин
Құрт қаптаған ботқаны алдымен көрген тәрбиешілер дабыл қаққан.Таңғы тағамда құрт пен қоңыздың өріп жүргеніне аспаздар да, мейірбике де көңіл аудармапты. Бастысы, балалар ауыз тиіп үлгермеген.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Лаура Ршауованың айтуынша тамақ өнімдерін сақтау кезінде температура, ылғал режимі бұзылған.
Сонымен қатар балабақша қоймасы салыстырмалы ылғалды бақылау аспаптарымен жабдықталмаған. Тексерген кезде жарма сақталатын қоймадан жәндіктер табылған. Тәулік сынамасында сұлы ботқасынан қалған сынамада қоңыздар анықталған.
ktk.kz ақпаратында балабақшаға 450 мың теңгедей айыппұл салынғаны айтылған.