Әлем • 13 Ақпан, 2025

Чилиде орман отқа оранды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чилидің Араукания аймағындағы орманда үлкен өрт болып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чилиде орман отқа оранды

Фото: ашық дереккөз

Тілсіз жау 1 адамның өмірін қиып, 30 үйді күлге айналдырған. Табиғи апат салдарынан 40-тан астам тұрғын баспанасыз қалды.

Өртті сөндіруге шағын ұшақтар мен тікұшақтар тартылған. Тракторлар жерді қазып, топырақты қопсытып, қарсы амал жасап жатыр. Алайда мамандар өртті жуық арада өшіру қиынға түсетінін ескертіп жатыр.