
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен елдің барлық полиция бөлімшелерінде биылғы жылғы қаңтар айында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Бұл зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау және құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірудегі маңызды қадам.
Полиция полковнигі Ренат Зұлқайыров жаңа бөлімшенің басшысы лауазымына дәл осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар, отбасының қауіпсіздігі қаншалықты маңызды екенін жақсы білетін, алты баланың анасы полиция подполковнигі Ақмарал Серікбаева тағайындалғанын айтты.